«Жыл Үздігі – 2021» жастар сыйлығы табысталды

«Жыл Үздігі – 2021» жастар сыйлығы табысталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Алакөл ауданы әкімінің «Жыл Үздігі – 2021» жастар сыйлығының салтанатты шарасы өткізілді.

Қазіргі таңда ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына өзіңдік үлестерін қосып, міндеттелген жұмысқа жауапкершілік танытып жүрген жастарымыз да аз емес. Жалпы, өлкемізде бүгінгі таңда 15 816 жастар бар. Олардың алдыңғы аға – буын өкілдерінен үлгі – өнеге алып, мол тәжірибе жинап, асыл қарияларымызға және қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын созу басты бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда, әр салада жетістікке жеткен белсенді жастар–«Ақпарат саласының үздігі», «Үздік жас мемлекеттік қызметші», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік ерікті», «Үздік жас батыр», «Үздік жас отбасы», «Үздік жас өнерпаз», «Үздік студент», «Үздік жас журналист» және т.б. номинациялары бойынша марапатталды.

Халық даналығында: «Ақыл – жастан, асыл – тастан» - деген, асыл сөзі бар. Осыған орай, аудан әкімі егемен еліміздің ертенің құрайтын жасампаз жастарға айтулы күні ізгі лебізін білдіріп, арнайы сый – сияпатын табыстап қайтты. Сондай–ақ, салтанатты шара соңында алакөлдік көшбасшылардың құрметіне ауданымыздың жарық жұлдыздары өз өнерлерін көрсетті.