Жедел профилактикалық «Құқықтық тәртіп» атты іс-шара

Жедел профилактикалық «Құқықтық тәртіп» атты іс-шара

2021 жылдың желтоқсан айының 5-і нен 11-і аралығында  Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімі, Алакөл аудандық Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметімен бірлесе «құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Аталған іс-шараның алғашқы күндерінен бастап аудан аймағында орналасқан Алакөл аудандық ПҚБ-нің, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты жеріне бірлесе тексерістер жүргізіліп  сотталғандарға бақылауды жүзеге асыру үшін бірлескен анықтамалар толтырылып, жаза өтеу кезінде сот жүктеген міндеттерді орындамай, құқық бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты ескерту берілді. Қазіргі таңда Алакөл аудандық  пробация қызметі бөлімінде 133- сотталған тіркеуде тұр, оның ішінде 100- бас бостандығынан шектелген, 16-шартты түрде сотталған, 3- жазасы кеінге қалдырылған  сотталғандар есепте түр.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты сотталғандардың қайта қылмыс жасамауы, қоғаммен бірлесе еңбек ету өмірге деген көз-қарасының жақсы жағына өзгерту, егер сотталғанның құқықтық, әлеуметтік, тұрмыстық қажеттілігі орындалса, сотталғанның заңға деген көзқарасы өзгеріп, мінез құлқы жақсы жағынан қалыптасуына оң нәтиже беретіні сөзсіз. 

Алакөл аудандақ ПҚБ-нің

инспекторы  әділет аға лейтенанты

Ә.Ғ. Сүлейменова