Алакөлде баскетболдан жарыс өтті

Алакөлде баскетболдан жарыс өтті

Бүгінгі күні ауданымызда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірқатар игі істер мен спорттық-мәдени іс-шаралар өткізілуде. Осы орайда, аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 9 бен 11 сынып оқушылары арасында баскетболдан аймақтық жарыс өткізілді. Додаға Үшарал қаласындағы №1 орта мектебі, С.Иманасов атындағы орта мектебі және Үшарал қазақ гимназиясынан үш команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды С.Иманасов атындағы ОМ, ІІ орынды №1 орта мектебінің командасы иеленсе, жүлделі І орынды Үшарал қазақ гимназиясының құрамасы иеленді.