"Ауылым-алтын бесігім»

"Ауылым-алтын бесігім»

         Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс көлемінде ауылдық мәдениет үйлері арасында өткізіліп жатқан «Ауылым — алтын бесігім» атты байқау биыл Ынталы ауылдық мәдениет үйінде өткізілді.
Байқау қазіргі елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өтті.

         Байқауға арнайы келген әділқазылар алқасы мүшелерін ауылдың әжелері шашу шашып қарсы алды.

         Алаңда ауыл жастарынан құралған топ «Алтыбақан» теуіп, ауылдың ақсақалы бата беріп, бір алаңда қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар» ойнатылды.
         Әділқазылар мүшелері алдымен Ынталы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар ауылдық білім жүйесінің жайы және мәдениет үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, іс-қағаздарына шолу жасады.
         Шара барысында ҚР жас суретшілер, Еуразия дизайнерлер және Әлем халықтары жазушылар одағаның мүшесі, аудандық маслихат депутаты, ұстаз, Ынталы ауылының тумасы Қадірсұлтан Нүсіпқанның жеке көрмесін тамашалады.
         Іс-шара Ынталы ауылдық мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концерттік бағдарлама ауыл тұрғындары мен жастарының қатысуымен ұйымдастырылды.