ФУТБОЛДАН ШАҒЫН ТУРНИР ӨТТІ

ФУТБОЛДАН ШАҒЫН ТУРНИР ӨТТІ

ФУТБОЛДАН ШАҒЫН ТУРНИР ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ ұйымдастыруымен аудан жастары арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын нығайту мақсатында «Салауатты өмір – жасампаз ел болашағы» тақырыбында шағын футбол турнирі өткізілді.

Шараға барлығы 10 команда қатысты.

Нәтижесінде ІІІ орынды Жайпақ ауылдық округінің құрамасы, ІІ орынды Үшарал қаласының командасы және жүлделі І орынды Достық ауылдық округінің командасы жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздар аудандық ішкі саясат бөлімінің дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.