Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалығымыз бар.

Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалығымыз бар.

 Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады. Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады.