Кеңестің басты мақсаты: аудандық ардагерлер кенесінің атқарған қызметін сараптау, орын алған кемшіліктер мен өткізілген іс – шаралар туралы есеп беру, алдағы бес жылға ардагерлер кенесінің жаңа құрамы мен төрағасын сайлау болып табылады.
Осы орайда, бүгінгі жиында бірқатар мәселелер қарастырылды. Алғашқы болып аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ұ.Дүйсебаева аудандық ардагерлер кеңесінің 5 жылдық жұмыстарына тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жарыс сөзге Қабанбай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Нүкебаева, Үшарал қаласы аналар кеңесінің төрайымы З.Жұманова өз ойларымен бөлісті. Аудандық ардагерлер Кеңесінің алқа мүшелерінің құрамын аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Қ.Қысталасова таныстырды.Сондай-ақ, алқа мүшесі О.Мухаметкалиев ауданнан делегат ретінде С.Бекболатовты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасына сайлауға ұсынды. Жиынға қатысушылардың бірыңғай дауыс беру нәтижесінде С.Бекболатов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.