Кеше біздің елімізде тұңғыш рет округ әкімдерін халықтың өзі сайлап, таңдау жасауға мүмкіндігі бар науқан өтті.

Кеше біздің елімізде тұңғыш рет округ әкімдерін халықтың өзі сайлап, таңдау жасауға мүмкіндігі бар науқан өтті.

Нұр Отан партиясының атынан Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы, 75 сайлау бөлімшесінде бақылаушы қызметін атқардым. Дауыс беру 2021 жыл 25 шілдеде таңғы сағат 7-ден кешкі 20-ға дейін өз жұмысын атқарды. Халық өздері таңдаған кандидаттарына үлкен үмітпен дауыс берді. Олар ауыл тағдырына бей-жай  қарамайтын, "елім" деп жан аямай қызмет ететін азаматты таңдады. Сайлау барысында ешқандай ереже бұзушылық болған жоқ. Ауыл тұрғындарының көпшілік дауыс басымдылығымен ауыл азаматы Қабдылдаев Қайрат Құттыбекұлы жеңіске жетті. Қайрат Құттыбекұлын аудан аналарының атынан жеңісімен құттықтаймын! "Ауылына қарап, азаматын таны" деген халқымызда аталы сөз бар, ауыл халқы өзіңе үлкен сенім артып, қызметіңе сәттілік пен табыс тілейді.