Биылғы еліміздегі ауыл әкімдерінің сайлауы мемлекетіміздің тарихында ең тартысты әрі қызу өткен сайлау болды дер едім.

Биылғы еліміздегі ауыл әкімдерінің сайлауы мемлекетіміздің тарихында ең тартысты әрі қызу өткен сайлау болды дер едім.

Бұған дейінгі уақытта сайлауға деген ерекше қызығушылықты замандастарым,жора-жолдастарым тарапынан онша байқай бермейтінмін. Ал бұл жолы 18 жастағы жасөспірімдерге дейін бұл шараға барынша атсалысып, өздерінің болашағы үшін таңдау жасауда белсенділік танытты. Мен бұдан өте дұрыс өзгерісті көремін.
Біз әдетте Батыстан үлгі алуға тырысамыз.  Сондай қасиеттердің бірі – олардың кез келген нәрсеге энтузиазммен қарайтыны. Тіпті, ұсақ-түйек мәселелерге дейін «мұның маған қатысы жоқ» деп ысырып қоймай, кәрісі бар, жасы бар, соңын зерттеп, бір нәтижеге жетуге тырысып жүреді. Ал сайлау тақырыбы бүкіл тұрғынның болашағы үшін ең елеулі жайттардың бірі емес пе?! Бүгін міне жаңадан әкімдер тағайындалды. Халықпен таңдалды. Ауылмызды ең үздік ауылдар қатарынан көрсек бұл үлкен жеңіс емес па?! Сондықтан мен өзімді мықты кандидатқа дауыс бердім деп сенемін. Мен кандидатқа дауыс берерде бірінші бағдарламасына мән бердім, бағдарламада біздің ауылға не керек екендігі жайлы нақты көрсетілген. Ол кісінің жұмыста қандай белсенді екендігіне және ұзақ уақыт осы саясат жағында  үздік екендігі бәріне аян.