«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері атты облыстық байқауының қорытындысы шығарылып, өз мәресіне жеткізілді. Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығы арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру мақсатында өтетін дәстүрлі байқауда 17-35 жас аралығындағы азаматтар бақ сынасқан болатын. Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді оқу шеберлігіне, таңдау талғамына назар аударылды.

Байқау шартына сәйкес қатысушылар ұлы Абайдың шығармаларынан (проза), және «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында поэзиялық шығармалардан үзінді оқып, байқау ережесі бойынша үміткерлер мәтінді бес минуттан асырмай жатқа оқыған болатын.

Байқау нәтижесі бойынша Алакөл ауданынан Камилла Вишнякова ІІ орынға ие болды.