МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

Мәдениет пен өнер – өмірдің ажырамас бөлігі, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Мәдениет пен өнер саласындағы мәртебелі мамандық иелерінің атқарар жұмысы, халық назарына ұсынар жаңалығы да мол.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі – мәдениет қызметкерлерін қолдау. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатыр. Еліміздің атын шығаратын да – мәдениет пен өнер» - деген еді.

Осы орайда, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 21 мамыр «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің» күні деп белгіленген. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкері кәсіби мерекесін дәл осы күні атап өтеді. Осыған орай, ауданымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» медалімен  Ә.Нүсіпов, «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ «Еңбек даңқы» медалімен – О.Смағұлов, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясы бойынша – А.Батырғалиев және Алакөл ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» - Л.Ковальчук, Алакөл ауданы әкімінің алғыс хатымен – Г.Жұмаханова, А.Қасымов, Қабанбай ауылдық мәдениет үйі, Қызылащы ауылдық мәдениет үйі мен Арқарлы ауылдық мәдениет үйінің ұжымы марапатталды.

Ауданымыздың мәдени және рухани әлеуетін арттыруға үлес қосып, еңбек етіп жүрген мәдениет қызметкерлері марапаттарыңыз құтты болсын.