Қоқысты өртеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Қоқысты өртеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Көктемгі кезеңде елді мекендер аумағында құрғақ шөп пен қоқыстың жану жағдайлары едәуір жиілеп кетті. Мысалға айтакетсек 2021жылы 6 сәуір күні Үшарал қаласы 17 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Үшарал қаласының тұрғын үйлерінің бірінде жану болып жатқандығын хабарлады.  Хабарды алысымен 17 ӨСБ-нің қарауыл бастығы азаматтық қорғау летенанты С.Омарбековтың бастауымен құрамында 3 адам АЦ 8-40 Ивеко өрт сөндіру автокөлігімен хабарлаған орынға шығып кетті.  Аталған орынға жетіп барлау жүргізу барысында тұрғын үй ауласында 15шаршы метр қоқыс жанып жатқандығы анықталды. Дереу дұрыс бағытта шешім қабылданып жануды тоқтатты.  Жанудың неден болғандығын анықтай келе,  бақшадағы қоқыстарды тазалап өртеу барысында орын алғандығы белгілі болды. Үй иесі өрт қауіпсіздік талаптарын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көбінесе мұндай жағдайлар қоқысты жинау және жағу кезінде талаптардың бұзылуы салдарынан туындайды. "Өртқауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" өртқауіпсіздік техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қоқысты тек ашық аумақта желсіз ауа райында кезкелген ғимараттардан, құрылыстарынан және жаңғыш материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта, өртсөндірудің бастапқы құралдары яғни өрт сөндіргіштер, су және басқада өртті сөндіруге ынғайлы құрал-жабдықтар болған жағдайдағана жағуға болады. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптер мен жапырақтардан тазартылуы тиіс. Қоқыстарды жағу үнемі бақылауда, тек күндізгі уақытта жүргізілгендігі абзал. Қоқыстар жанып болғаннан кейін жан-жағына су мұқият құйылуы тиіс. Сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Қоқыс өртеу кезіндегі өртқауіпсіздігін сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

Алакөл ауданы ТЖБ