Алматы облысында «Worldskills» чемпионатына дайындық қызу

Алматы облысында  «Worldskills» чемпионатына дайындық қызу

Елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті                              Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. 
Жобаның мақсаты сұранысқа ие мамандықтарды жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу арқылы Республикалық және Халықаралық World Skills чемпионаттарына студенттерді дайындау барысында шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту.
««Жас маман» жобасының шеңберінде  колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды. Студенттерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша оқыту мақсатында қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды.  ІТ және құрылыс, коммуналдық шарушылық бағыттары бойынша оқу кабинеттері мен шеберханалары жаңа технологиялармен толықтырылды. Енді студенттер желілік құрылғыларды консольде де, графикалық интерфейсте де басқаруды үйренеді. Жаңа материалдық-техникалық база еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді»,-дейді Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Ерқат Биғалиұлы.  
Бұған дейін, Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында «WorldSkillsTaldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілген болатын. Аймақтық чемпионатқа  18 компетенция  бойынша облыстағы  15 колледжден 99 білім алушы қатысты.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері 16 құзіреттілік бойынша аймақтық чемпионаттан жүлделі орныдар алып,  қазіргі уақытта Республикалық «World Skills  Kazakhstan» чемпионатында дайындық үстінде.