1 наурыз Азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз Азаматтық қорғаныс күні

1990 жылы Бас Ассамблеяның Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-шы сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-де атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы 1-ші наурыз күні ХАҚҰ-ы үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған. Азаматтық қорғаныс күні ұлттық қорғаныс қызметтері атқаратын маңызды іс-шараларға қоғам назарын аударту мақсатында атап өтіледі.

Қазақстан 1997 жылы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының мүшесі болды және Қауымдастықтың қызметіне белсене қатысады.

Азаматтық қорғаныс бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі, бейбіт және соғыс уақытында, халықты, шаруашылық обьектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны. Міндеттері:

- жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету;

- су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу;

- халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау т.б..

Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті   Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. «Баршаның назарына!» дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы.

Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.

 

Алакөл ауданы ТЖБ