2021 жылғы 10 қаңтарда Алакөл аудандық мәслихаты депутаттарының бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 46198 азамат енгізіліп, олардың 42105-ы немесе 91,14-і сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 42105 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 232 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 474 сайлаушы дауыс берді.
Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 45.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы - 35277 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 83,87%;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -3132 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,44%;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 524 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,24%;
«ADAL» саяси партиясы – 3127 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,43%.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:
«Nur Otan» партиясы-12 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1 мандат;
«Adal» саяси партиясы – 1 мандат.
Аудандық сайлау комиссиясы