
Аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы ауданымыздағы қарияларды мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпат табыстады.
Үшарал қаласынан Шошаева Күлбағи апаны, Қабанбай ауылынан Шакенова Биғайша Кенжебекқызын арнайы құттықтады. 96 жастағы Шошаева Күлбағи апа – алты баланың анасы, «Күміс алқа» иегері. Ғұмырын «Үшарал» совхозында ауыл шаруашылығы саласына арнап, адал еңбегі үшін «Еңбек Ері» медалімен марапатталған. Осы салада еңбек етіп, зейнетке шыққан ардақты ана.
85 жастағы Шакенова Биғайша Кенжебекқызы – төрт баланың анасы, еңбек ардагері. Көп жыл бойы кулинария саласында еңбек етіп, маңдай терімен елге қызмет еткен ардақты жан.
Барша апаларымыз бен аталарымызды 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!