Алакөлге демалуға келген туристер Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алакөлге демалуға келген туристер Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алакөлге демалуға келген туристер Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алакөл жағалауында демалып жүрген туристер азаматтық белсенділік танытып, сайлауға қатысты.

Алматы, Талдықорған, Атырау, Қарағанды және Астана қалаларынан келген 40 шақты турист Ақши ауылындағы №68 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Демалушылардың уақытша жүрген жері бойынша дауыс беруі азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Алакөлге демалыс үшін келген азаматтардың сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасауы – ел өміріндегі маңызды қоғамдық үдеріске белсенді қатысудың көрінісі.

#Алакөл #Ақши #Құрылтай