Аудан әкімі Алмас Абдинов азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі Алмас Абдинов азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі Алмас Абдинов азаматтарды жеке қабылдады

3 тамыз күні Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Аудан әкімі әрбір мәселені мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешілуі мүмкін өтініштер бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың өтініш-тілектерін дер кезінде қарастырып, өзекті мәселелерді тиімді шешу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.