
Алакөл ауданында волейболдан ерлер арасындағы аудан чемпионаты өтті
2026 жылғы 18 шілдеде Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту бөлімі және спорттық іс-шараларды өткізу клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алакөл аудандық филиалының ұйымдастыруымен волейболдан ерлер арасындағы Алакөл ауданының чемпионаты өтті.
Жарыс Қарабұлақ спорт кешенінде ұйымдастырылып, оған Үшарал қалалық округі, сондай-ақ Жыланды, Екпінді, Көлбай, Үшбұлақ, Қарабұлақ, Еңбекші, Жайпақ, Қайнар және Көктұма ауылдық округтерінен құралған 10 команда қатысты.
100-ден астам спортшы бақ сынаған тартысты дода қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Қайнар ауылдық округінің командасы;
🥈 ІІ орын – Үшарал қалалық округінің командасы;
🥉 ІІІ орын – Жайпақ ауылдық округінің командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, чемпионат барысында үздік ойын көрсеткен спортшылар ауданның құрама командасына іріктелді.
Айта кетейік, 22–26 шілде аралығында Алакөл ауданында волейболдан ерлер арасындағы Жетісу облысының чемпионаты өтеді.
Барша жерлестерімізге алдағы додада жеңіс пен сәттілік тілейміз!
#АлакөлАуданы #Үшарал #Жетісу #Волейбол #Спорт БұқаралықСпорт