
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Алакөл ауданында салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиында аудан әкімі мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады.
Шара барысында мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қабылданған мамандар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын салтанатты түрде қабылдады.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы маңызы атап өтіліп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында еңбек етіп жүрген қызметкерлерге ризашылық білдірілді.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, қызметтеріне табыс, жауапты істеріне береке және ел игілігі жолындағы еңбектеріне жетістіктер тілейміз! 🇰🇿