Іс-шара оң нәтиже беруде...

Іс-шара оң нәтиже беруде...

Қайта қылмыстың алдын алу және заңға деген оң көз-қарасының жақсы жағына өзгерту мақсатында, ағымдағы жыл басынан Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандардың жүріс тұрысы қатаң бақылауға алынып қайталап қылмысты азайтып өмірге деген көз қарастарын өзгерту мақсатында бір неше меморандум және кешенді жоспарлар құрылып нақты іс-шаралар атқарылуда.

Атап айтқанда жоспарға сәйкес Алакөл аудандық прокуратурасы және пробация қызметі бөлімімен полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмекткерлері тарапынан мобильді топ құрылып, мереке және демалыс күндері қайта қылмысқа бейім сотталғандарды тұрғылықты жерлері бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу жұмыстары жүргізілуде.

Сот жүктеген міндеттеріне немқұрайлықпен қарап қайталап құқық бұзушылық жасаған 6 сотталған бас бостандығынан айыру орнына жиберілді.

Аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе тығыз жұмыстар жүргізілуде. Жұмыссыз сотталғандарға «Бос орын» жәрмеңкесін өткізді нәтитжесінде қазіргі уақытта ПҚБ-нің есебіндегі 33 жұмыссыз сотталған  тұрақты жұмыспен қамтылған, оның ішінде 11 сотталған 2 % квота бойынша және 2 сотталған жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант «Бастау-бизнес» жобасы арқылы аудандық Атамекен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негізінде оқытылып бүгінгі күні өз жеке кәсіптерін ашты.

2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялануына байланысты Жастар ресурстық орталығымен бірлесе пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар еріктілер қатарына тартылып ауданымыздағы тыл ардагерлеріне және мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға үй шаруашылығы бойынша есік алдын қардан тазартып өсіп кеткен ағаштарды шауып қысқыға отын жарып көмектерін үнемі тигізді. Сонымен қатар аудандық спорт бөлімімен бірлесе сотталғандар арасында көңілді мәре атты спартакияда өткізілді. Спартакиядада жеңімпаздарды Жастар ресурстық орталығы сыйлықтармсен марапаттады.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты сотталғандардың қайта қылмыс жасамауы, қоғаммен бірлесе еңбек ету өмірге деген көз-қарасының жақсы жағына өзгерту, егер сотталғанның құқықтық, әлеуметтік, тұрмыстық қажеттілігі орындалса, сотталғанның заңға деген көзқарасы өзгеріп, мінез құлқы жақсы жағынан қалыптасуына оң нәтиже беретіні сөзсіз.

 

 

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Алакөл аудандық ПҚБ-нің бастығы

әділет майоры  А.У. Канабеков