Судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз

Судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз

Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары мен қонақтары, суға шомылу маусымы басталуда, осыған орай, сіздерге судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
1. Суға тек қана рұқсат етілген жерлерде шомылуға болады.
2. Суға ішімдік ішіп, мас күйінде түсуге болмайды.
3. Бейтаныс жерлерде суға түспеңіздер, су астында сынған шыны, темір, және т.б. қауіпті заттар болуы мүмкін.
4. Суға шомылу кезінде, арнайы орнатылған буйоктардан асуға тыйым салынады.
5. Балаларды судың жағасында қараусыз қалдырмаңыз.
6. Қайыққа немесе шағын көлемді кемеге отырар кезде, міндетті түрде құтқару кеудешесін киініз.
ТЖ орын алған сәтте, тез арада 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз!