Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

«Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Данияр Абдумәлікұлы   бөлім басшылары және мамандары  арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, заңнама талаптарының сақталуы, қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу және көрсету мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде азаматтардың құқықтарын сақтау, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен сапасына қойылатын талаптар, қызмет алушылардан негізсіз құжаттарды талап етуге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметтер саласындағы өзекті өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы ақпарат беріліп, қызмет көрсету процесінде туындайтын мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндіктері түсіндіріліп, цифрлық сервистерді тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын одан әрі жетілдіру бағытында нақты тапсырмалар мен ұсынымдар жеткізілді.