4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Үшарал қаласында салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Үшарал қаласындағы Даңқ аллеясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Ту көтеру рәсімі ұйымдастырылып, қатысушылар бір мезетте Мемлекеттік Гимнді орындады.

Салтанатты шараға Үшарал қаласының әкімі Айдар Әбішев, Үшарал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Құсбеков қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты нышандары екенін атап өтті.

Іс-шараға мекеме басшылары, полиция бөлімінің қызметкерлері, шекара басқармасының өкілдері, ардагерлер және қала тұрғындары қатысты.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен ұлттық құндылықтарының айқын белгісі. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы.