Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жыланды ауылында Ту тұғырының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жыланды ауылында Ту тұғырының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жыланды ауылында Ту тұғырының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдинов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Аудан әкімі мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің басты нышаны екенін атап өтті.

Биіктігі 22 метр болатын Ту тұғыры «35 ауыл – 35 Ту тұғыры» патриоттық жобасы аясында бой көтерді. Жобаға демеушілік көрсеткен Жыланды ауылының тумасы Айша Сергеевна Колесниковаға алғыс білдірілді.

Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің мерейі үстем болсын!