Тараз қаласында «Аналар кеңесі: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» тақырыбында Республикалық Аналар кеңесінің халықаралық форумы өтті

Тараз қаласында «Аналар кеңесі: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» тақырыбында Республикалық Аналар кеңесінің халықаралық форумы өтті

Тараз қаласында «Аналар кеңесі: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» тақырыбында Республикалық Аналар кеңесінің халықаралық форумы өтті.

Ауқымды іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген Аналар кеңесінің мүшелері, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ Түркия мен Қырғыз Республикасынан халықаралық сарапшылар қатысты. Форум барысында отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбие, қоғамдық келісім мен рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды.

Форум қорытындысында Республикалық аналар кеңесінің «Ел Анасы» және «Аялы алақан» қоғамдық марапаттары табысталды.

Аталған марапаттардың бірімен Жетісу облысы, Алакөл аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Дюсебаева Ұлжалғас Бурасанқызы марапатталды. Бұл – аналар институтын дамытуға, қоғамдық келісім мен отбасы құндылықтарын нығайтуға қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі.