7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай іс-шара өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай іс-шара өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Үшарал қаласының орталық алаңында салтанатты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Мерекелік шараға аудан тұрғындары мен қала қонақтары қатысып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетті.

Іс-шара барысында мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, әскери техникалар мен арнайы құрал-жабдықтардың көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, әскери бөлім сарбаздарының қоян-қолтық ұрыс тактикасының көрінісі көрсетіліп, мектеп оқушыларының әскери дефилесі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мереке аясында аудандық бұқаралық спорт орталығының ұйымдастыруымен арқан тарту, қол күрес және гір тасын көтеру сынды спорттық сайыстар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты.

Мерекелік шара аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, патриоттық рухты нығайтуға өз үлесін қосты.