
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ Алакөл аудандық филиалында «Мемлекеттік тіл: құрмет, қажеттілік, табыс» атты семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіндіру, этнос өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлік және қызмет көрсету саласында қазақ тілін қолдану аясын кеңейту және орталық қызметін таныстыру болды.
Семинар барысында қатысушыларға тілдің маңызы, оны кәсіби және күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Тіл оқу-әдістемелік орталығының оқу курстары мен оқыту бағыттары туралы ақпарат берілді.
Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өзара пікір алмасты. Семинар өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды