Жетісуда кене маусымы басталды

Жетісуда кене маусымы басталды

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

Жетісу облысында кене энцефалитінің алдын алу мақсатында 1 сәуірден бастап жаппай дезинсекция жұмыстары басталады. Эпидемиологиялық маусымның алғашқы екі аптасында өңірде 13 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.
Мамандардың мәліметінше, облыс бойынша Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақтарға жатады. Өткен жылы кене шағудың 824 жағдайы тіркелген.
Қазіргі таңда медициналық ұйымдар кене энцефалитіне қарсы вакцина мен иммуноглобулин қорымен толық қамтамасыз етілген: Вакцина қоры: 5537 мөлшер, иммуноглобулин қоры: 12,357 литр, шаққаннан кейін 3 күн ішінде енгізу тиімді.
Тұрғындар көп жиналатын саябақтарда, өзен жағалауларында және тау етектерінде жалпы көлемі 230 гектар жер өңделеді. Талдықорған қаласында дезинсекциялық жұмыстар 8 сәуірде басталып, бірінші кезеңі 28 сәуірге дейін жалғасады. Екінші кезең маусым айына жоспарланған.
Кене энцефалит – бас миы мен жұлынды зақымдайтын ауыр вирустық ауру. Ол тек кене шаққанда ғана емес, сонымен қатар: оны басып, жаншығанда, шикі сүтті пайдаланғанда жұғуы мүмкін.