
Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Жанама ауылдық округіне арнайы барып, елді мекеннің санитарлық жағдайымен танысты. Аралау барысында көшелердің тазалығы, қоғамдық орындардың күтімі, көгалдандыру жұмыстары және инфрақұрылымның жай-күйі назарға алынды.
Округ әкіміне аумақты абаттандыруды күшейту, көше бойларын және қоғамдық орындарды тұрақты түрде тазалау, заңсыз қоқыс орындарын жою, ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, тұрғындарды экологиялық мәдениетке тарту, сенбіліктерді жүйелі түрде ұйымдастыру және әрбір мекеменің бекітілген аумақтарына жауапкершілікті арттыру қажеттігі атап өтілді.
Аудан әкімі атқарылған жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, белгіленген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.