
Аудан әкімі Үшарал қаласында Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында қала әкімі мен бөлім басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Атап айтқанда, қала аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, арамшөптерді отау, сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін абаттандыру жұмыстарын күшейтуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Үшарал қаласындағы саябақтарды аралап, көше бойларын жаяу жүріп өтіп, нақты учаскелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді. Әрбір аумақтың тазалығы мен көркеюі – ортақ міндет екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындауды қатаң бақылауға алуды жүктеді.