Таза Қазақстан – таза болашақ!

Таза Қазақстан – таза болашақ!

Таза Қазақстан – таза болашақ!

Алакөл ауданы бойынша Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында 28 наурыз күні ауқымды сенбілік өткізілді.

Сенбілік барысында барлық мекемелер өз аумақтарын тазалап, аудан тазалығына үлес қосты.
Іс-шараға 1735 адам қатысып, 45 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 160 тонна қоқыс шығарылды.

Тазалық жұмыстарына:
Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі
Аудан әкімі аппараты
Білім беру және денсаулық сақтау нысандары
Әскери бөлімдер мен бөлімшелер
Қала және ауылдық округ әкімдіктері белсенді атсалысты.

Бірге таза орта қалыптастырайық!