
19 наурыз – Жаңару күні
Наурыз мейрамы елдегі толыққанды трансформацияға қарқын берген жаңа саяси дәуірдің басталуымен тұспа-тұс келгенін ескере отырып, биылғы Жаңару күні цифрлық трансформация тақырыбына арналды.
Іс-шара аясында робототехника саласындағы бірқатар жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Қонаев, Жансүгіров, Байтұрсынұлы және Қабанбай атындағы орта мектептердің мұғалімдері өздерінің робототехникалық әзірлемелері мен жобаларын көпшілік назарына ұсынды.