
17 наурыз – Шаңырақ күні мерекесіне орай Үшарал қаласында ерекше қуанышты сәт орын алды.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында дүниеге келген сәбиге арнап, дәстүрге сай наурыз базарлық жаңа туған нәрестенің анасына табысталып, ізгі тілектер мен ақжарма баталар айтылды. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүріне сай сый-кәде ұсынылып, жас отбасының қуанышы бөлісілді.
Үшарал қалалық округ әкімі А. Абишев арнайы барып, жас ананы құттықтап, жаңа туған сәбиге ақжолтай тілегін білдіріп, базарлықты салтанатты түрде табыстады.
Бұл күні Забирова Рашидам есімді анамыз өмірге дені сау қыз бала әкелді.
Сәбидің салмағы – 3800 грамм, бойы – 53 см.
Дүниеге келген уақыты – 17 наурыз 2026 жыл, сағат 18:00.
Жаңа туған нәрестеге ұзақ ғұмыр, бақытты болашақ, ал шаңырағына береке мен шаттық тілейміз!
Дәрігердің рұқсатымен, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілді.