
Бүгін аудан әкімі А.Абдинов Наурыз мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында бөлім және мекеме басшыларымен арнайы ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізді.
Жиын барысында алдағы Наурыз мерекесін өткізу жоспары жан-жақты талқыланып, мерекелік іс-шаралардың мазмұны мен форматы айқындалды. Сонымен қатар ұлттық дәстүрді дәріптейтін мәдени бағдарламалар, спорттық ойындар, қайырымдылық шаралары мен халықтық серуендерді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Аудан әкімі мерекені мазмұнды әрі жоғары деңгейде өткізу керектігін атап өтіп, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе мерекелік алаңдарды безендіру, ұлттық тағамдар дайындау, концерттік бағдарламаларды ұйымдастыру, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағыттарына ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.
Жиын соңында аудан әкімі барлық жауапты мекемелерге бірлесе жұмыс істеп, Наурыз мерекесін аудан тұрғындары үшін ерекше әрі есте қаларлықтай етіп өткізуді тапсырды.