
Ел болашағы – ортақ жауапкершілік!
Бүгін күллі Қазақстан халқы мемлекет тағдырына қатысты аса маңызды шешімнен шет қалмай, өздерінің азаматтық таңдауын жасауда. Елге деген жауапкершілік – әрбір азаматтың басты парызы.
Достық ауылдық округіндегі №69 және №96 сайлау учаскелерінде теміржолшылар жоғары ұйымшылдық танытып, белсенді түрде қатысуда.
Таңғы сағат 07:00-де алғашқы болып 80 адам бірден келіп дауыс берді.
Жалпы есеп бойынша, 804 теміржолшы өз таңдауын жасайтындығы анықталды. Бұл – тұрғындардың азаматтық белсенділігі мен ел ертеңіне деген сенімінің айқын көрінісі.
Әр дауыс – болашаққа жасалған маңызды қадам.