
2026 жылдың 5–7 наурыз күндері Жаркент қаласы қаласында «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен арқан тартыстан ересектер арасында Жетісу облысының рейтингтік чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа Жетісу облысы бойынша екі қала мен сегіз ауданнан құралған командалар қатысты. Жарысқа Алакөл ауданы атынан ерлер және әйелдер құрама командалары қатысып, аудан намысын қорғады.
Ерлер командасының құрамында:
Чойбасов Серикхан Токанович, Жарасов Жандос Жалғасұлы, Тоқтасынов Нуржан Бақытқалиұлы, Сулубай Худабай, Құрманбай Азамат Сабетқалиұлы, Советханов Шалқар Бауыржанұлы, Ондабаев Бақдаулет Амангелдіұлы, Молдахметов Алмас Бақытұлы өнер көрсетті. Команда жаттықтырушысы – Тұрлыбаев Жандос Нұрмұхамбетович.
Әйелдер командасының құрамында:
Оспанова Нуржан, Зайцева Анастасия Анатольевна, Мамырбекова Нұршат Даулетовна, Айдарова Мадина Айдаровна, Омарбекова Капуза Есимхановна, Тайжигитова Зарина Серікжановна, Қаршыға Өнергүл, Шарикпаева Айнұр Ақнайқызы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Алакөл ауданының әйелдер құрама командасы жүлделі III орынға ие болды. Ал ерлер командасы барлық он команданы 2:0 есебімен жеңіп, жүлделі I орынды иеленді. Нәтижесінде Алакөл ауданы жалпы командалық есепте I орынға шықты.
Сонымен қатар ерлер командасы сәуір айында өтетін Қазақстан Республикасының арқан тартыс чемпионаты жолдама алды.
Алдағы уақытта спортшыларымызға үлкен жарыстарда сәттілік тілейміз!