Алакөл ауданындағы қорғаныс бөлімінде кадрлық өзгеріс

Алакөл ауданындағы қорғаныс бөлімінде кадрлық өзгеріс

Алакөл ауданындағы қорғаныс бөлімінде кадрлық өзгеріс

2026 жылғы 5 ақпанда Үшарал қаласында аудан активінің отырысы өтіп, Алакөл ауданы қорғаныс бөлімінің жаңа бастығы таныстырылды.

Іс-шараға Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Медет Болатұлы Турскелдиев қатысып, Ержан Серікұлы Керченовты аудан активіне ресми түрде таныстырды.

Аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов жаңа тағайындалған басшыға жауапты қызметіне табыс тілеп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттердің маңыздылығына тоқталды.