Алакөл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Алакөл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Алакөл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

2026 жылғы 30 қаңтар күні Үшарал қаласында Алакөл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен «Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов ашып, семинардың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметшілер үшін заң талаптарын сақтау мен адал қызмет етудің өзектілігін атап өтті.

Семинарға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қобылан Тоқбергенұлы Манап мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының қызметшілері, қала және ауылдық округ әкімдері мен мамандары, аудандық бөлім басшылары мен мекеме қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.