
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер ұйымының IX есеп беру–сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына аудан әкімі Абдинов Алмас Сапарғалиұлы, бастауыш ардагерлер ұйымдарынан сайланған делегаттар, аудандық мекемелердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің 2021–2025 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есеп тыңдалып, атқарылған іс-шаралар сараланды. Сонымен қатар, алдағы бес жылға арналған жұмыс бағыттары айқындалды.
Конференция күн тәртібіне сәйкес аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы мен төрағасы сайланып, облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясына делегаттар таңдалды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қатысушылардың бірауыздан қолдауымен қабылданды.