«Е-архив» ақпараттық жүйесі бойынша семинар-жиналыс өткізілді

«Е-архив» ақпараттық жүйесі бойынша семинар-жиналыс өткізілді

Алакөл ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімше басшысы А. Абсаликованың ұйымдастыруымен «Е-архив» ақпараттық жүйесі бойынша семинар-жиналыс өткізілді.

Семинар-кеңеске Алакөл ауданы бойынша 7 бөлімнің мамандары, 24 округтің жауапты мамандары мен округ әкімдері қатысты.

Іс-шара барысында «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алакөл филиалының директоры Э. Қалыбекова «Е-архив» ақпараттық жүйесінің рөлі мен маңызын түсіндіріп, архивтік құжаттарды цифрландыру, сақтау және қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар, жауапты мамандарға «Е-архив» ақпараттық жүйесіне құжаттарды уақтылы енгізу, есептілік жүргізу және белгіленген мерзімдерде тапсырмаларды орындау бойынша нақты міндеттер жүктелді.