
Аудан әкімінің Рождество мерекесімен құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді барша христиан қауымының ұлық мерекесі — Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Рождество — адамзатты мейірімділікке, кешірім мен сүйіспеншілікке үндейтін, рухани құндылықтарды дәріптейтін ерекше мейрам. Бұл күндері әр шаңырақта татулық пен түсіністік орнап, жақсылыққа деген сенім арта түседі.
Біздің ауданымызда түрлі ұлт пен ұлыс, әртүрлі дін өкілдері бірлік пен келісімде өмір сүріп келеді. Бұл — тәуелсіз еліміздің ең басты байлығы.
Дін, дәстүр және мәдениет саласындағы әралуандық мемлекеттілігіміздің берік негізіне айналды.
Өзара құрмет пен ынтымақтың арқасында біз ортақ мақсаттарға бірге жетіп, туған өлкеміздің дамуына үлес қосып келеміз.
Осы жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бейбіт өмір мен тұрақтылық тілеймін. Жаңа жыл әр үйге қуаныш пен молшылық әкелсін!
Рождество мерекесі құтты болсын!
Аудан әкімі А.Абдинов