Үшарал қаласының М.Әуезов көшесінде орналасқан №23 учаскелік полиция пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Үшарал қаласының М.Әуезов көшесінде орналасқан №23 учаскелік полиция пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Үшарал қаласының М.Әуезов көшесінде орналасқан №23 учаскелік полиция пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған іс-шараға Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұржан Берікұлы, Үшарал қаласының әкімі Айдар Беделбекұлы Абишев, Алакөл ауданы полиция бөлімі тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Бекет Баймұсаұлы Құсбеков, сондай-ақ осы аумақтың тұрғындары қатысты.

Ашылу рәсімі барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мәселелері талқыланды. Жаңа учаскелік полиция пунктінің қызметі жергілікті тұрғындармен өзара тығыз іс-қимыл орнатуға, аумақтағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталатын болады.