Алакөл ауданында азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді

Алакөл ауданында азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді

Алакөл ауданында азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 3 қаңтар күні Алакөл ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының белгіленген шекті бағадан аспауын бақылау мақсатында сауда орындарына мониторинг жүргізілді.

Іс-шара барысында аудан әкімдігі мен тиісті бөлім мамандары кәсіпкерлермен кездесіп, баға тұрақтылығын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шекті бағаларды сақтау жөнінде ұсыныстар беріліп, бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны ескертілді.

Аталған мониторинг тұрғындарды қолжетімді бағамен негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.