Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздіктері марапатталды

2025 жыл ауданымыз үшін табысты жыл болды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері әр салада жоғары нәтижеге жетті. Жыл сайын жылды қорытындылап, ауданымызда қалтқысыз еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды жыл үздігі номинациясымен марапаттау дәстүрге айналды. Қоғам арасында маңдай терімен абыройлы іс атқарып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген азаматтар қай кезде де құрметке лайық.

Осыған орай, бүгін З. Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде аудан әкімінің «Жыл үздіктері-2025» номинациясын табыстау рәсімі өтті.

Аудан әкімі А. Абдинов салтанатты шараға арнайы қатысып, жыл ішінде атқарылған іргелі істерге тоқталып өтті.

Өңір басшысы жаңа жыл мерекесі қарсаңында әр сала бойынша елеулі еңбегімен жетістікке жетіп жүрген жыл үздіктерін марапаттады.