Алакөл ауданы әкімінің «Көшбасшы–2025» жастар сыйлығы

Алакөл ауданы әкімінің «Көшбасшы–2025» жастар сыйлығы

Алакөл ауданы әкімінің «Көшбасшы–2025» жастар сыйлығы

Алакөл ауданында«Көшбасшы–2025» жастар сыйлығын табыстау салтанатты рәсімі өтті. Аталған шара Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдени-рухани өмірінің өркендеуіне белсенді үлес қосып жүрген, қоғамдық жұмыстарға атсалысып, түрлі салада жоғары нәтижелерге қол жеткізген жастарды қолдауға бағытталған.

Іс-шара барысында аудан әкімі Алмас Абдинов жастардың ел болашағындағы рөліне ерекше тоқталып, олардың бастамашылдығы мен жауапкершілігі ауданның тұрақты дамуына серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет тарапынан жастарды қолдау алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып, жас көшбасшыларға шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.

Салтанатты жиында ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне белсенді араласып жүрген үздік жастар марапатталды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталып, олардың еңбегіне лайықты құрмет көрсетілді. Бұл сыйлық жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, жаңа бастамаларға жігер берері сөзсіз