Ардагерлерге ақ дастархан жайылды.

Ардагерлерге ақ дастархан жайылды.

Ардагерлерге ақ дастархан жайылды.

Жаңа жыл- әр халықтың жүзіне қуаныш сыйлайтын көңілді мерекелердің бірі. Халқымыз «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деп бекер айтпаса керек. Жаңа 2026 жыл жақсы жаңалықтарымен, жарқын бастамаларымен, жаңа мүмкіндіктерімен келеді деген сеніміміз мол.

Бүгін Үшарал қаласы, «Бәйтерек» мейрамханасында Жаңа жыл мерекесіне орай ауданымыздың өркендеу мен дамуы жолында аянбай еңбек етіп, үлестерін қосып жүрген бірқатар ардагерлер мен ақ жаулықты аналарға арнап аудан әкімі А. Абдиновтың мерекелік ақ дастарханы ұйымдастырылды.

Шараға зейнет жасында жүрсе де елдің ынтымақ - бірлігінің артуына үлес қосып, елге қызмет етіп жүрген қазыналы қариялар, ардагерлер, аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары және белсенді мүшелері қатысты.

Аудан әкімі А. Абдинов ақ дастархан басында саналы ғұмырын елі, халқы мен келешек ұрпағы үшін арнаған алдыңғы буын аға- апаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, әр отбасыға амандық пен жылулық тілеп, еліміздің дамуы жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді. Сондай ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Бекболатов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Дюсебаеваның бастауымен арадагерлеріміз де Жаңа жыл мерекесіне орай жылы лебіздерін жеткізді.

Жаңа жылдық дастарханда ардагерлерге арнайы Жаңа жылдық сыйлықтар беріліп, естелік әңгімелерімен мәнді болып, аудан өнерпаздарының әуезді әндерімен әрленді.