Алакөл ауданының жаңадан тағайындалған прокуроры аудан активіне таныстырылды

Алакөл ауданының жаңадан тағайындалған прокуроры аудан активіне таныстырылды

Алакөл ауданының жаңадан тағайындалған прокуроры аудан активіне таныстырылды.
2025 жылғы 23 желтоқсанда Үшарал қаласында Алакөл ауданы активінің отырысы өтті. Жиын барысында аудан прокуроры қызметіне тағайындалған Байбатыров Сержан Ербатырұлы аудан активіне таныстырылды.
Іс-шараға Жетісу облысы прокурорының орынбасары Бескемпіров Ильяс Серікжанұлы, аудан әкімдігі, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты.
Аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов жаңа прокурорды қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар бұған дейінгі прокурор Ерлан Қасымбайұлының ауданның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді.
Заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы бірлескен жұмыс жалғасын табады.