
Аудан әкімінің орынбасары Мәулен Төлеубекұлының Архившілер күніне орай мерекелік қабылдауы өтті.
Іс-шара барысында архив саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне жылы лебіз білдіріліп, сала дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.
Архившілердің тынымсыз еңбегі – ауданның тарихи жадысын сақтаудың және құжаттық мұраны болашақ ұрпаққа жеткізудің кепілі.
Барша архившілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!