
Волейболдан әйелдер арасындағы қыстық чемпионат
Жетісу облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылға арналған спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 10–14 желтоқсан күндері Текелі қаласында волейболдан әйелдер арасындағы қыстық чемпионат жоғары деңгейде өтті.
Аталған жарысқа Алакөл ауданының құрама командасы қатысып, тартысты ойын нәтижесінде чемпион атанды. Команда капитаны – Сейтканова Айша. Команда құрамы: Косенкова Дарья, Тарасова Мария, Шариппаева Айнұр, Әбдуғали Ақбота, Құрманбек Ажарлым, Абдрахманова Салтанат, Жасыбаева Қарақат, Мыңбаева Гүлназ.
Жарыстың алғашқы күні Алакөл құрама командасы Қаратал ауданы командасын 2:0, Талдықорған қаласының командасын 2:1, Ескелді ауданы командасын 2:0 есебімен жеңді.
Ақтық кездесуде Талдықорған қаласының командасын 2:1 есебімен ұтып, жарыстың жеңімпазы атанды.
Жүлделі орындар: 1-орын – Алакөл ауданының командасы, 2-орын – Талдықорған қаласының командасы, 3-орын – Кербұлақ ауданының командасы.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар Жетісу облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы кубогы, медальдары мен грамоталарымен марапатталды.
Алакөл ауданының спортшыларын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!